Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ
Мекеме қызметінің мәні елорда халқының салт-дәстүрлеріне, тарих пен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін жандандыру, Астана қаласының аумағында Тілдерді оқыту мен ономастиканы дамыту және қолдану саласында шығармашылық, ғылыми қызметін жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу болып табылады.
Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ
- Мекеме қызметінің мәні елорда халқының салт-дәстүрлеріне, тарих пен мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрметін жандандыру, Астана қаласының аумағында Тілдерді оқыту мен ономастиканы дамыту және қолдану саласында шығармашылық, ғылыми қызметін жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу болып табылады.
- Мекеме қызметінің мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын іске асыру болып табылады.
- Мекеме мақсатқа жету үшін мынадай қызмет түрін жүзеге асырады:
- үштілдік бағдарламасын енгізуді іске асыру;
- оқыту орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту мақсатында филологтар мен лингвист ғалымдарды тарта отырып, семинар мен дәрістер, курстар ұйымдастыру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
- оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;
- тақырыптық баспа өнімдерін (жинақта, буклеттер, брошюралар және оқу әдістемелік кешендер) жасау;
- көрмелер, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
- Астана қаласының мемлкеттік қызметшілеріне, мемлекеттік емес мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған тілдік курстар ұйымдастыру;
- мемлкеттік және басқа тілдерді үйрену мақсатында бағдарламалар жасау және іске асыру;
- тіл саясатын іске асыруға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекетттік емес органдармен, шығармашылық одақтармен, бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасасу;
- тілдер фестивалін және ұлттық әдет-ғұрып конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;
- Астана қаласының көшелері мен маңызы бар объектілері туралы ақпараттық, фото және бейнематериалдардың жалпыға қолжетімді дерекқорын құру;
- Астана қаласы көшелерінің атауларын ретке келтірудің негізгі ғылыми-негізделген бағыттарын айқындау жөніндегі жұмыстар жүргізу;
- ономастиканың өзекті мәселелері бойынша әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу бойынша ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу;
- патриоттық бағыттағы іс-шараларды, шығармашылық мерейтойлық кештер мен зиялы қауым өкілдерін еске алу кештерін өткізу;
- Мекеме жалпы басқаруды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
- Мекеменің Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар тиісті саланың уәкілетті органының ұсынымы бойынша Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі. Мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган енгізеді.
Директор.: Шерзатов Арман Манарбекоұлы
Мекенжайы: Бейбітшілік, 9
Байланыс телефоны: 24-90-52