Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру» өнірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Қызметтің негізгі мақсаты 6 бағыт бойынша қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімге табыну, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлікті сақтау, болашаққа ұмтылған біртұтас ұлттың қалыптасуына бағытталған эволюциялық даму.прагматизм; білім табыну;
Мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай функциялар жүзеге асырылады:
- әдістемелік, оқу құралдары мен ұсынымдарды әзірлеу және енгізу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға халықты, бизнес және қоғамдық институттар, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдары өкілдерін тарту;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін шешуге бағытталған жобалар мен іс-шараларды бастау, жоспарлау, іске асыру, мониторингілеу және түзету;
- әлеуметтану саласында мамандандырылған Шығыс Қазақстан облысының, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінің және шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелерімен, ұйымдарымен, кәсіпорындарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- жоғары оқу орындарының, департаменттердің, басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жобалау штабтарының Бағдарламаны іске асыруы шеңберінде тиімді жобалау инфрақұрылымын, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелерді мониторингтеу және бағалау жүйесін құру;
- жобалау командасының қатысушыларын, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, бизнес және қоғамдық институттардың, оның ішінде ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдерін жобалық менеджментке үздіксіз оқыту жүйесін енгізу;
- бағдарлама қызметінің бағыттары бойынша конференциялар, семинарлар, әлеуметтік мектептер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және өзге де іс-шаралар түрінде тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
- өңірде бағдарламаны іске асыру процестерін тиімді басқару бойынша жобалық персонал қызметіне оқыту, мониторинг жүргізу және орталық жобалық офиспен өзара іс-қимыл жасау.