Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Коммуналдық мекеме қызметінің мақсаты этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстық Ассамблеяның қызметін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.

    Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    • облыстағы этносаралық қатынастардың жай-күйі бойынша талдамалық және болжамды материалдарды дайындау және осы мәселелер бойынша мониторинг жүргізу;
    • этносаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
    • мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық ұйымдар үшін этносаралық мәселелер бойынша консультациялар өткізу;
    • мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеуді, олардың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізуді, дамытуды болжауды және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуді ұйымдастыру;
    • облыстық Ассамблеяның ғылыми-сараптама тобының және оның басқа да құрылымдарының қызметін қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік органдармен, бюджеттік және кәсіподақ ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес-құрылымдармен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
    • облыстық Ассамблея Сессиясының, Кеңесінің отырыстарын және облыстық Ассамблеяның басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
    • ішкі саясат басқармасы басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік этносаясат мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар мен баяндамалар дайындау;
    • Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің тіл, мәдениет, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптарын насихаттау бойынша қызметтеріне жағдай жасау;
    • облыстық Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.