«Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Ауданда құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласын кешенді дамыту арқылы аудан халқының тіршілік етуіне қолайлы орта жасау және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыру.

    Міндеттері:

    1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарының орындалауын қамтамасыз ету;

    2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген бас жоспарлардың негізінде елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу және дамыту, сондай-ақ, адамның тіршілік етуіне қолайлы орта мен орын құру жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

    3) аудан бойынша базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерін ұйымдастыру;

    4) кент, елді мекендерде құрылыс салудың кезекші-оперативтік жоспарларын, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылыс объектілерін орналастырудың кезекші жоспарларын жүргізу жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

    5) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

    6) құрылыс саласында елді мекендердің өмір тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу;

    7) аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу;

    8) аудандағы құрылыс кешенінің жағдайын талдау, даму болашағын анықтау, барлық құрылыс түрлерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету және аудан халқына жоғары деңгейде қызмет көрсету саясатын жүргізу.

    Функциялары:

    1) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

    2) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кенттің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

    3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

    4) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

    5) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

    6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

    7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

    8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;

    9) аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру;

    10) “Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

    11) “Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру”мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

    12) “Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

    13) “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы” мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

    14) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

    15) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметінің мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

    16) “Мекенжай тiркелiмi” ақпараттық жүйесiн жүргiзуді және толықтыруды қамтамасыз ету;

    17) аудан аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органының жұмысына жәрдемдесу;

    18) жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;

    19) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

    20) құрылыс саласы бойынша мемлекеттің саясатын ведомствалық аумағында жүзеге асыру;

    21) құрылыс саласы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау;

    22) әр түрлі келісім шарттар жасау, оның ішінде мердігерлік келісім шарттары;

    23) құрылыс обьектілерінде құрылыстың жүруіне жалпы бақылау орнату;

    24) құрылысы салынатын және салынып жатқан (реконструкциялау, кеңейту, модернизациялау) және құрылысы жоспарланған обьектілер мен комплекстерге мониторинг жүргізу;

    25) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.