«Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мақсаттары мен өкілеттіктері:
ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да іс-шаралар кешендерімен жер ресурстарын қорғауды ұйымдастыру және жүргізу;
жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;
2) міндеттері:
жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
агроөнеркәсіп кешенді салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру.
агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негізін жасау;
агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы мелиорация, жерді суландыру және дренаж мәселелерін қалыптастыру және іске асрыу;
агроөнеркәсіп кешенін ақпарттық-консультациялық қамтамасыз ету;
аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
агроөнеркәсіп кешен салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін арттыру;
отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік басымдылығын дамыту;
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті;
Функциялары:
халықты азық-түлікпен, өндірісті шикізатпен қамтамасыз етуге нарықтық қатынастардың даму жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған ауыл шаруашылығы саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру бағдарламасына сәйкес суды аз қажет ететін экономикалық тиімділігі жоғары дақылдардың көлемін арттыруға ықпал жасау;
аудан агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығын техникалармен және басқа да материалдық ресурстарға қажеттілігін алдын-ала болжамдау;
ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік ресурсқа өткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жасауға және іске асыруға қатысу;
ауданның ауыл шаруашылығын дамытудың перспективалық және ағымдық жоспарларын жасауға және іске асыруға қатысу, саланың даму тенденцияларына талдау және болжам жасау;
ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерінің нарықтық жағдайлардағы жұмысының экономикалық механизімін жетілдіруге бағытталған ұсынымдарды жүзеге асыруға қатысу;
ауылдағы экономикалық реформаларды тереңдетуге байланысты жұмыстарды үйлестіру қаржылық-экономикалық сауықтыру бағдарламаларын орындауға қатысу;
маркетингілік және нарықтық зерттеулер жүргізуді енгізіп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен басқа да кәсіпорындар арасында маркетингілік және нарықтық ақпараттар алмасу жұмыстарын үйлестіру;
аудан бойынша азық-түлік қауіпсіздігің жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингісін жүргізу;
ірі өңдеу кәсіпорындары мен кіші өңдеу цехтарын дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды,ұстауды және және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіруді ұйымдастыру;
ауданның ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасына сәйкес егіс орналастыру жұмыстарын жүргізу;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстар дайындау;
жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;
жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;
ауданның жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастыру;
жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;
ауданның жер балансын жасау;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзу;
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын беру;
жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жердi анықтау;
жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүргізу;
мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау;
заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.