«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлік бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының кәсіпкерлік бөлімі" КММ аудан аумағында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту; бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын алуға жәрдемдесу; кәсіпкерлерді ақпараттық-консультациялық қолдау; инвестициялық және кәсіпкерлік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді дамыту; бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу; кәсіпкерлермен, қаржы институттарымен және бизнесті қолдау ұйымдарымен өзара іс-қимыл; аудандағы кәсіпкерлік қызметтің жай- күйін мониторингілеу және талдау. Бөлім өз қызметін мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимылда жүзеге асырады, жұмысты бизнесті дамыту, жұмыспен қамтуды ұлғайту және ауданда экономикалық белсенділікті арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағыттайды.