«Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мақсаттары:
ауданда ішкі саяси тұрақтылықты және азаматтық, қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;
мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және беру;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер мен түсініктемелер беру;
құзыреті шегінде конкурстарды, кеңестерді, семинарларды және басқада іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлімнің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында козделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын (жолданымдарын) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялары:
1) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
3) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
4) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
5) діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
6) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзушыларға Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
8) қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен іс-қимылдар жүргізу;
9) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу;
Бөлімнің мынадай ведомстволары бар:
- “Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.