«Жалағаш ауданының экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi
Мақсаттары:
ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мaқcaттapын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
бюджеттi атқару, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға жән алуға;
бөлімнің құзыретінекіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар конференциялар өткізуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
2) міндеттері:
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын (жолданымдарын) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарауға;
жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Функциялары:
жыл сайын бес жылға арналған ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеп, облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсыну;
әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде бес жылға арналған аумақты даму бағдарламасын әзiрлеп,облыстық экономика және қаржы басқармасына ұсыну;
үш жылға арналған аудан бюджеті және аудан мен облыстық бюджетi арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы аудандық мәслихаттың шешiмiнiң жобасын әзiрлеу;
“Қоғамдық кеңестер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында ауданбюджетінің жобасын талқылауды жүргізу және аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізу;
аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы функциясын iске асыру;
ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындайды;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын iске асыруға бағытталған, оның iшiнде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамаға сәйкестiгiн қарау;
әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып, аудан бюджеттiн жыл сайын жоспарлы кезеңге әзiрлеу;
әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып аудан бюджетіне түсетiн түсiмдердi болжауды жүзеге асыру;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн олардың Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнамасына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормаларға және мемлекеттiк қызметтер стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан қарау;
аудан бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
аудандық бюджет комиссиясының аудан бюджетiнiң жобасы бойынша ұсыныстары негiзiнде аудан бюджетiнiң жобасын әзiрлейдi және оны аудан әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну;
аудан бюджетi туралы аудандық мәслихат шешiмiн iске асыру туралы аудан әкiмдiгi қаулысының жобасын әзiрлеу;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк инвестицияларды заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы жүзеге асыру туралы ұсыныстарын және олардың қаржылық-экономикалық негiздемелерiн стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгi тұрғысынан қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгiзу үшiн оң экономикалық қорытындының негiзiнде заңды тұлғаның қаржылық шығындары мен кiрiстерiн бағалауды қамтитын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын бюджеттiк инвестициялар бойынша қорытындыларды қалыптастыру;
жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен аудан әкiмiнiң iс-қимыл бағдарламасын және оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi, олардың орындалуына мониторингтi жүзеге асырады және оларды түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
салалық аймақтық бағдарламаларды әзiрлеудi үйлестiру және олардың iске асырылуына мониторинг жүргiзу;
ауданды дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы мәслихатқа баяндама жасау;
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ретiнде бөлiмнiң қаржыландырудың жылдық жоспарларын әзiрлеу;
мемлекеттік қаржыны және коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
аудан бюджетінің атқарылуына талдау жасау, аудан бюджеті жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтау;
аудан бюджетінің қаржыландыру жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
аудан бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу;
өз қызметі саласында заңнаманың қолданылу тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау;
“Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу;
аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;
аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылу және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне;
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) бөлімнің шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне;
жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша) шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөнінде шешім қабылдайды.
аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;
жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдау;
аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;
аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдау;
коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
аудан бойынша мемлекеттік сатып алудың мониторингісін жүргізу;
жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.