«Жаңақорған ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауданның ауылдық елдi мекендерінiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiреді;
2) мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен ақпарат және (немесе) мәлiметтер береді;
3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыруды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен объектiлердi (кешендердi) қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамын белгiлеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) тiркеу және есебiн жүргiзу бойынша ұсыныстар әзірлейді;
5) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң және өзге де ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларының жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлейді;
6) елдi мекендердiң бекiтiлген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшiн әзiрленетiн қала құрылысы жобаларын iске асырады;
7) салынып жатқан (салынуы белгiленген) объектiлер мен кешендердiң мониторингiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзеді;