Абай атындағы Облыстық әмбебап кітапханасының негізгі міндеттері:
— оқырмандардың әртүрлі топтарын, мемлекеттік және білім беру мекемелерін, ғылым, өндіріс, мәдениет салаларында қызмет ететін кәсіпорындарды, мемлекеттік басқару органдарын, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарды кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қамтамасыз ету;
— ғылымның, мәдениеттің, білім берудің және қоғамдық өмірдің өзге де салаларының дамуына жәрдемдесу;
— оқырмандарға қызмет көрсету мазмұнын олардың өзгермелі сұраныстарына бейімдеу, экономикалық және саяси өзгерістерге бағдарлану;
— өңірлік ресурстар туралы ақпаратты зерделеу, жинақтау және тарату;
— кітапхана қорларын ұйымдастыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
— жоғары деңгейдегі ақпараттық және техникалық қолайлылық жағдайында семинарлар, іс-шаралар және басқа да жиындарды өткізу үшін оқу залын, фойені, өзге де кабинеттер мен жабдықтарды ұсыну.