Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
Мекеменің қызметінің мақсаттары:
1. Абай облысы бойынша әртүрлі спорт түрлері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында дарынды жас спортшыларды анықтау және даярлау, спорттық резервті қалыптастыру және облыс құрамасын жасақтауға қатысу.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының негізгі құрамына ену үшін жоғары деңгейлі спортшыларды даярлау, сондай-ақ спорт шеберлігін дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
3. Семей қаласы мен Абай облысында балалар мен жасөспірімдер арасында олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдолимпиадалық, сондай-ақ ойын және басқа да спорт түрлерін дамыту және насихаттау.