Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Сұлутал бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс ақпараттары

    Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 20-381
    Электрондық пошта: [email protected]

    Instagram: https://www.instagram.com/sulutal_bastauysh/?hl=ru
    Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100075144335201
    Мектептің сайты: http://aqsuat-sulutal.edu.kz

    Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Сатпаев ауылдық округі, Сұлутал ауылы,
    І. Жансүгіров көшесі 13/2

    2GIS картасындағы мекен-жайы:https://go.2gis.com/If2YJ


    Жалпы мәліметтер

    Салынған жылы: 1994 жыл
    Жобалық қуаттылығы: 15 оқушы
    Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 9 / 3
    Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 92,5 м², 1 қабат, сабан кірпіштен салынған
    Оқу кабинеттерінің саны: 1
    Жылу жүйесі: Жылу қазандығы, қатты отын


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Сұлутал бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы

    Сұлутал бастауыш мектебі 1994 жылы Абай облысы, Ақсуат ауданы, Сатпаев ауылдық округіне қарасты Сұлутал ауылында ашылды. Мектептің негізгі мақсаты – ауыл балаларына сапалы бастауыш білім беру және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

    Мектеп ашылған күннен бастап ауылдың әлеуметтік-мәдени өмірінде маңызды орын алып, жас ұрпақты білім мен тәрбиеге баулып келеді. Білім ордасы шағын болғанымен, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда талапқа сай жұмыс жүргізілуде.

    Мектеп ғимараты бір қабатты, сабан кірпіштен салынған. Оқу процесіне қажетті жағдайлар жасалып, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы орта қамтамасыз етілген.

    Қазіргі таңда мектепте білікті педагогтер қызмет атқарып, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Ұжым оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ерекше мән береді.

    Сұлутал бастауыш мектебі алдағы уақытта да ауыл балаларына білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыру жолында өз қызметін абыроймен жалғастыра береді.