Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Қызылжұлдыз бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс ақпараттары

    Қабылдау бөлімі: 8 777 428 1709
    Электрондық пошта: [email protected]

    Әлеуметтік желілер:

    Мектеп сайты: aqsuat-qyzyljuldyz.edu.kz

    Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Құмкөл ауылдық округі, Қызылжұлдыз ауылы, Ә. Марғұлан көшесі, ғимарат 1/1
    2GIS картасындағы мекен-жай: https://go.2gis.com/SFk1z


    Жалпы мәліметтер

    • Салынған жылы: 1963 ж.

    • Жобалық қуаттылығы: 12 оқушы

    • Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 11

    • Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 124 кв.м, типтік емес, 1 қабатты, каркас

    • Оқу кабинеттерінің саны: 2

    • Жылу жүйесі: Қатты отын


    Нет описания фото.

    Мектептің тарихы

    Мектеп 1970 жылға дейін бастауыш мектеп ретінде жұмыс істеді. Алғашқы ұстаздары: Өтеуов Кәрім, Тінібаев Айқан, Сара Қонақбаева, Еңсебаева Зәкия, Аманқұлова Дина, Халиоллина Нұртай, Оспанов Қойшыбай, Даутбекова Қатипа, Ахметова Райхан, Баймұқышева Күлпәш.

    1996 жылы елімізде білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында бастауыш мектептерді қайта ашу туралы бұйрық шықты. Осы бастама аясында Абай облысы, Ақсуат ауданы аумағындағы бұрынғы шағын ауылдық мектеп қайта жанданды.

    Мектептің қайта ашылуына ауылдың абзал азаматы, ауданның құрметті азаматы, «Еңбек ардагері» атағының иегері Байтемиров Нұртас ерекше үлес қосты. Ол өз меншігіндегі тұрғын үйді мектепке сыйға беріп, ауыл балаларының білім алуына жағдай жасады. Бұл іс ел ішінде үлкен алғыс пен құрметке ие болды.

    Мектеп алғаш қайта ашылған кезде оның оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруға және оқушыларды білімге баулуға бар ынтасымен кіріскен алғашқы ұстаздар: Қабдырова Ақерке, Сейітқазина Майра, Омарова Айгүл, Нұртасов Дархан. Олар жаңа мектепте үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп, ауыл балаларына алғашқы білім негізін қалады.

    Мектептің басшылары мен меңгерушілері:

    • 1996–1997 жж.: Қабдырова Ақерке – мектептің оқу базасын қалыптастырып, алғашқы оқушыларды қабылдауға дайындық жүргізді.

    • 1998–2003 жж.: Омарова Айгүл Болатқызы – оқу сапасын арттыру мен тәрбие жұмысын жүйелеуге басымдық берді.

    • 2003–2005 жж.: Нұртасов Дархан – оқу-тәрбие процесін жаңаша бағытта дамытты.

    • 2005–2012 жж.: Атанбаева Кенжегүл Кеңесқызы – материалдық-техникалық база нығайып, ұстаздар қауымының кәсіби деңгейі көтерілді.

    • 2013–2016 жж.: Булдырханова Дина Бидахметқызы – білім сапасы мен оқушылардың жетістіктері жоғары деңгейге көтерілді.

    • 2016 ж. – қазіргі уақытқа дейін: Бигазина Меруерт Нәбиғазықызы – мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқу-тәрбие процесіне жаңа әдістер енгізуде.

    Бүгінде мектеп шағын болса да ауыл балаларын сапалы білім мен тәрбие беретін маңызды білім ошағы болып табылады. Ұжым жас ұрпақты отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуде.

    Мектептің түлегі Серікбекұлы Нұржан – ауылдың мақтанышы. Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуден 128 балл жинап, 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне оқуға түсті. Оқу барысында үздік нәтижелер көрсеткені үшін 2022 жылы Мәскеудегі Дубна университетінде бір жыл білім алды. Екі университетті де қызыл дипломмен тәмамдады. 2023 жылы Нұржан Шәкәрім университетінің магистратурасына түсіп, Инжиниринг орталығында ғылыми қызметкер болып қабылданды. 2025 жылдан бастап докторантураға қабылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.


    Нұршуақ шағын орталығы

    Мектепке дейінгі білім беру мекемесі 2014 жылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылды. Негізгі мақсаты – мектепке дейінгі балаларға сапалы тәрбие мен білім беру, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Алғашқы оқу жылында 16 бала қабылданды. Ғимаратты жергілікті азаматтар Байтеміров Нұртас пен Сейткасымов Есен қоғам игілігі үшін тегін пайдалануға берген. Бұл іс өңірдегі мектепке дейінгі білім беруге елеулі үлес қосты.