Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Ш. Жүнісқұлов атындағы бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараттары
Қабылдау бөлімі: 8 775 557 1398
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Instagram: https://www.instagram.com/zhuniskulov2025
Facebook: https://www.facebook.com/s.z.nisk.lov.atyndagy.bastauys.mektep
Мектептің сайты: http://junisqulov-aqsuat.edu.kz
Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылдық округі, Серіктес ауылы, М. Жұмабаев көшесі, ғимарат 5/1
Жалпы ақпарат
Салынған жылы: 1988
Жобалық қуаттылығы: 12 оқушы
Қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 12 / 6
Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 67 кв.м, типтік емес, 1 қабатты, саман кірпіштен салынған
Оқу кабинеттерінің саны: 2
Жылу жүйесі: пеш, қатты отын

Мектептің тарихы
«Ш. Жүнісқұлов атындағы бастауыш мектеп» КММ Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылдық округінің Серіктес ауылында орналасқан.
1996 жылы 1 қыркүйекте мектеп Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылындағы М. Әуезов атындағы орта мектепке қарасты болып ашылды.
Мектепке Шәріпзада Жүнісқұловтың есімі берілді. Ол 1922 жылы Серіктес ауылында дүниеге келген және 1942 жылы 19 маусымда Қырымдағы Аджимушкей тас үңгірінде 10 мыңнан астам бейбіт тұрғындарды қорғап ерлікпен қаза тапқан жауынгер болған.