Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Аққала" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс деректері

    Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 50-257
    Бухгалтерия: 8 (72346) 50-257
    Электрондық пошта: [email protected]

    Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100055285292627
    Мектептің сайтының адресі: http://aqsuat-aqqala.edu.kz

    Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылдық округі, Аққала ауылы, Микрорайон шағын ауданы 1/1

    2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/76yOz


    Жалпы мәліметтер

    Салынған жылы: 1975 жыл
    Жобалық қуаттылығы: 20 оқушы
    Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 3 педагог
    Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны: 165,7 м², 1 қабат
    Оқу кабинеттерінің саны: 2 кабинет
    Жылу жүйесі: жылу қазандығы, қатты отын


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Аққала" бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы

    Мектеп ғимараты 1975 жылы салынып, бастапқыда әкімшілік ғимарат ретінде пайдаланылған.
    1997 жылдың қараша айында елімізде білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында бастауыш мектептерді қайта ашу туралы бұйрық қабылданды. Осы бастаманың аясында Абай облысы, Ақсуат ауданы аумағындағы шағын ауылдарда мектептер ашыла бастады.

    1997 жылдан бастап Аққала ауылында бастауыш мектеп өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда мектепте 3 педагог қызмет атқарады. Олар: Жамагатова Меруерт, Асылгазина Айнаш, Рахимова Саягүл.

    Мектептің алғашқы ұстаздары: Алипова Жұлдыз, Мустафина Айнұр, Қасенов Қайырлы, Төкенова Гауһар, Қасымжанова Гүлім.
    Бұл ұстаздар шағын білім ордасында үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп, ауыл балаларына алғашқы білім негізін қалады.

    Аталған мектептің түлектері қазіргі уақытта мектеп директоры, мұғалім ретінде еңбек етіп жүр.
    2008 жылдан бүгінгі күнге дейін мектеп меңгерушісі қызметін Жамагатова Меруерт Айтқазиевна атқарып келеді. Оның басшылығымен мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқу-тәрбие үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізілуде.