Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "А.Байқыдыров атындағы саз мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Негізгі мәліметтер

    Ғимарат туралы мәліметтер:

    • Салынған жылы: 1972 жыл

    • Жобалық қуаттылығы: 150 оқушы

    • Қызметкерлер саны: 24, оның ішінде 13 педагог

    • Ғимараттың жалпы ауданы: 424 кв.м

    • Қабат саны: 2

    • Оқу кабинеттері: 9

    • Жылу жүйесі: электрлі


    Мектептің тарихы

    • 1968 жылы ақпан айының 29 күні Ақсуат ауылынан балалар музыка мектебін ашу туралы еңбекшілер депутаттары Ақсуат аудандық кеңесінің №32-4 санды шешімі қабылданған.

    • Алғашқы оқу жылында Культуманов Сансызбай, Шаповалов Николай және Иштебаев Майданбек сияқты педагогтар оқушылар қабылдап, жұмыс бастаған.

    • Мектептің алғашқы директоры – Культуманов Сансызбай. Кейіннен мектепке Ықылас Исағұлова, Бақыт Жакупова, Бағиза Ғабдуллина, Әлихан Мағзумов, Бигулан Каленбекова, Майра Керейбаева, Ғайша, Райымбек Ноғайбаевтар, Бошанова Шолпан, Ғарифолла Сейполлаев, Мейрамбек Ахметов, Сәуле Жұмахметова сияқты педагогтар қызмет атқарған.

    Мектеп директорлары:

    • 1968–1973 жылдар: Культуманов Сансызбай

    • 1973–1976 жылдар: Алшынғазы Байқыдыров

    • 1976–1997 жылдар: Иштебаев Майданбек

    • 1997–2007 жылдар: Нағыметжанов Мұратқазы

    • 2007–2023 жылдар: Сафаров Калихан

    • Қазіргі таңда мектеп директоры – А. Болекжанова

    • 1991 жылы мектепке А. Байқыдыровтың есімі беріліп, «А. Байқыдыров атындағы саз мектебі» КММ деп аталған.

    • Мектепте домбыра, қобыз, шертер, д-прима, жетіген, баян, дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, сазсырнай, фортепиано сыныптары бойынша 120 бала білім алады.

    • Мектептің 58 жылдық тарихында музыка саласы бойынша көптеген шәкірттер білім алған. Қазіргі таңда республикалық және халықаралық деңгейде танымал шәкірттері осы салада қызмет етуде:

      • Жоламан Құжиманов – дәстүрлі әнші, республикалық өнер байқауларының лауреаты

      • Талғат Мұқышев – Өнертану ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, республикалық және халықаралық фестивальдар лауреаты

      • Гүлдана Ноғайбаева – Семей қаласы Мәдениет сарайының әншісі, халықаралық және республикалық байқаулар лауреаты

      • Мұрат Әбуғазы – ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші

      • Клара Төленбаева – әнші, ұстаз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

      • Саденов Қанат – К.Байсейітова атындағы арнайы музыкалық мектептің бөлім меңгерушісі

      • Жұматова Замиға – Е. Рахмадиев атындағы саз мектебінің оқытушысы

      • Талғат Әбуғазы – дәстүрлі әнші, халықаралық және республикалық байқаулар лауреаты

      • Омаров Қадылбек – Семей мемлекеттік филармониясының артисті

      • Қанат Әбуғазы – «Бабалар сазы» этно-ансамблінің көркемдік жетекшісі

      • Ляззат Найманғазықызы