Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Негізгі мақсат — жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту, жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, сондай-ақ жастар арасындағы ахуалға мониторинг жүргізу және талдау жасау. Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік, мәдени және кәсіби дамуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру да маңызды міндет болып табылады. Бұл орайда прагматизмді, білімге деген құрметті қалыптастыру, жастарды өз әлеуетін жүзеге асыруға ынталандыру басты назарда.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай функциялар жүзеге асырылады:
Жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдау көрсету;
Жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консультативтік, әдістемелік көмектер көрсету;
Жастар арасында жұмысқа орналасуға ықпал ету, кәсіптік бағдар беру, волонтерлік қозғалысты және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жұмыстар жүргізу;
Жастар жобалары мен бастамаларын сүйемелдеу және қолдау, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуеттерін дамыту, сондай-ақ олардың өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі іске асыру қабілеттерін арттыру;
Жастармен жұмыс жасайтын ұйымдардың қызметін зерделеу, жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, партиялардың жанындағы жастар қозғалысын, этномәдени орталықтарды, құқық қорғау және діни ұйымдарды, жастар арасындағы тенденциялар мен ағымдарды анықтау мақсатында ақпарат жинауға қатысу;
Жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жүйелі шараларды, ұсынымдарды, жобаларды әзірлеу және талдау;
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, демалыс және мәдени іс-шараларды дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізу.