Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1. Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Ресурстық орталық) (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Ресурстық орталықты құру, қамтамасыз ету және қызметін үйлестіру Шымкент қаласы әкімдігінің құзыретіне жатады. Ресурстық орталықтың құрылтайшысы Шымкент қаласының әкімдігі, уәкілетті органы Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы болып табылады.
3. Мемлекеттік мекеме 2018 жылғы "25" тамыздағы №116 қаулысымен өзгертілді.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Шымкент қаласының әкімдігі болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы (мемлекеттік меншіктің түріне тиесілігін, ұйымдық құқықтық нысаны мен ведомстволық бағыныстылығы көрсету) Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Шымкент қаласы,Әл-Фараби ауданы, Түркістан көшесі №1, индекс 160000.