Абай облысының мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының лингвистикалық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Орталықтың басты мақсаты — Абай өңіріндегі этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және көптілді тұлға қалыптастыру.

    Негізгі қызмет түрлері:

    1. Мемлекеттік тілді екінші және шет тілі ретінде оқыту.
    2. Орыс және ағылшын тілдерін үйрету.
    3. Тіл білімі бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
    4. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тілдік құзыреттілікті бағалау.
    5. Мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындарына, сондай-ақ шетелдегі қандастарға тілдік курстар ұйымдастыру.