«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні архив ісі мен құжаттардың түзілуіне бірыңғай мемлекеттік саясатты және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау, есепке алу мен пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан халқының тарихи -мәдени мұрасының құжаттық ескерткіштерінің сақталуын, одан әрі қалыптастырылуын және пайдалануын қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады.
- архив iсiн дамыту және құжаттама жүргізудің өңірлік мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру;
- Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттiк есебін жүргiзу және сақталуын қамтамасыз ету;
- архив ісі мәселелері бойынша басқарманың актілерін әзірлеуге қатысу;
- Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыруын қамтамасыз ету;
- Ұлттық архив қорының құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялануын қамтамасыз ету;
- коммуналдық меншіктегі тарихи және құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалануға шаралар қабылдау;
- облыста Ұлттық архив қорын жинақтау көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмектер көрсету;
- архив құжаттары бойынша деректер қорын құру;
- аса құнды архив құжаттарын айқындау тәртібін және олардың сақтандыру көшірмелерін жасау;
- құжаттарды облыстық сараптау-тексеру комиссиясына ұсыну;
- құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізу;
- жеке және занды тұлғалардың сұрауларын орындау;
- облыстың тарихы бойынша құжаттарды жинақтау;
- облыстың аумағында орналасқан мемлекеттік және басқа да ұйымдар бойынша деректер қорын қалыптастыру;
- Ұлттық архив қоры құжаттары бойынша басылымдар дайындап шығару;
- облыстың жинақтау көздерінің жиынтық тізімін жасау;
- архив құжаттарын цифрлық нысанға аудару;
- филиалдарды ұйымдастырушылық, әдістемелік басқаруды жүзеге асыру;
- архивтану, құжаттану, археография, қосалқы тарих пәндері саласында ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс жүргізу, Қазақстанның жаңа тарихының мәселелері бойынша зерттеулерге қатысу;
- архив, ғылыми және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты белгіленген тәртіпте жүзеге асыру, басқа мемлекеттердің бейінді архивтерімен ақпарат алмасу;
- Мемлекеттік архивтер ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасай отырып ақылы негізде «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабы 1-тармағымен қарастырылған тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
Басшы: Аңсатов Бахыт Сәбиұлы
Эл. почта:[email protected]
Телефон: 8(7242)20-08-09