«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын іске асыру болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты кітапхана қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады.

    - қоғамның әлеуметтік, азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыру үшін оқырмандардың ұлттық жас ерекшеліктерін, олардың сұраныстарын есепке алып, жаңа білім алу мақсатында ақпараттық ресурстар қорын толықтырады және жаңартады;

    - кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады;

    - кітап қорын есепке алуды, барынша пайдалануды, сақтауды қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді;

    - оқырмандарға (ересектер мен балалар) сараланған кітапханалық қызмет көрсетуді олардың жас және әлеуметтік психикалық ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін есепке алып ұйымдастырады;

    - облыс кітапханаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді, оқырмандармен жұмыс және әдебиеттерді насихаттау нысандары мен әдістерінің - озат тәжірибелерді анықтайды, зерттейді және жинақтайды, оларды насихаттайды және салаға енгізуге ықпал етеді;

    - әдістемелік, ақпараттық және библиографиялық материалдарды дайындап шығарады, оларды облыстың басқа да кітапханаларымен бірлесіп дайындауды және шығаруды ұйымдастырады;

    - облыс кітапханалары саласында зерттеулер жүргізеді және республикалық ғылыми зерттеулерге қатысады, зерттеулер қорытындысын кітапханалар тәжірибесіне енгізеді;

    - ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, кітапхана саласына жаңа ақпараттық технологиялар енгізу бағытында практикум, тренингтерді мекеме жеке және басқа да мекемелермен, ұйымдармен үйлестіре жүргізеді;

    - кітапхана ведомствоаралық Кеңестің қызметіне қатысады;

    - кітапхананың оқырмандар активін құрады және оның жұмысын ұйымдастырады;

    - кітапхананы пайдалану ережелерін сақтамаған пайдаланушылардың келтірген залалдарын өтеуді қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес белгілейді және шаралар қолданады;

    - кітапхана сирек және құнды басылымдарды беру кезінде салынған кепіл сомасын, кітапхана қорына пайдаланушылар келтірген залал өтемақысының түрлері мен мөлшерін белгілеуге құқылы. Мемлекеттік кітапханалар кітапхана қорына келтірілген залал үшін алынған өтемақы сомаларын тиісті бюджетке аударады.

    - мемлекеттік кітапханалар ақысы міндетті сипатта болмайтын және жеке немесе заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы. Мұндай тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

    Басшы: Көзейбаев Сапар Әлиясқарұлы

    Эл.почта:[email protected]

    Телефон: 8(7242)23-14-26