Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Байланыс деректері

    Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 2-06-43
    Бухгалтерия: 8 (72346) 2-06-43
    Электрондық пошта: [email protected]

    Әлеуметтік желілер

    Мектептің ресми сайты: http://auezov-kokjyra.edu.kz/

    Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы, 10 квартал, 170/1
    2GIS картасындағы мекен-жай:
    https://go.2gis.com/Cy9Z1


    Мектеп туралы жалпы мәлімет

    • Салынған жылы: 2010 ж.

    • Жобалық қуаттылығы: 600 / 437 оқушы

    • Барлық қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер саны: 150 / 52

    • Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 7185 кв.м, 3 қабатты, кірпіштен тұрғызылған

    • Оқу кабинеттерінің саны: 35

    • Жылу жүйесі: электрлі


    Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесі

    Мектептің тарихы

    Біздің М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің тарихы 1936 жылы басталды. Сол кезде Көкжыра-Базар маңындағы мектеп жасындағы балаларды жинап, бастауыш сыныптарға біріктіріп оқытты. Кейін жеті жылдық мектеп болып толықты.

    1951 жылы мектеп жанынан тұңғыш интернат ашылып, онда 21 оқушы тәрбиеленді.

    Мектеп директорларының алғашқы жылдардағы қызметі:

    1. Нұрбаев Кәрім — 1936 ж.

    2. Сейітбидамов Нұрмұхамет — 1937 ж.

    3. Үркімбаев Қалиахмет — 1939 ж.

    4. Әділханов Малгажар — 1940 ж.

    5. Сағынаев Әшім — 1942 ж.

    6. Юсупов Мұқат — 1944 ж.

    7. Дайырбеков Құдайберген — 1950 ж.

    1956 жылы Көкжыра орта мектебі болып құрылды. 1957–58 жылдары алғашқы орта мектеп түлектеріне аттестат берілді. Мектептің алғашқы директоры — Қарпық Егізбаев, оқу ісінің меңгерушісі — Қабдірашид Қайымов.

    Кейінгі директорлар:
    8. Егізбаев Қарпық — 1956 ж.
    9. Қайымов Қабдірашид — 1958 ж.
    10. Нұртазин Дәуітбек — 1960 ж.
    11. Бұтабаев Рамазан — 1963 ж.
    12. Болсынбеков Жұмаш — 1966 ж.
    13. Жүнісов Жұмағали — 1967 ж.
    14. Қажиакберов Омарғазы — 1972 ж.
    15. Жанұзақов Нарын — 1979 ж.
    16. Әмірғалиев Самат — 1982 ж.
    17. Сағымбаев Есен — 1994 ж.
    18. Қойшыбекова Бақытгүл — 2009 ж.
    19. Қалиев Ақылберді — 2012 ж.
    20. Кунафин Бауыржан — 2015 ж.
    21. Дүйсенов М. — 2023 ж.

    1971 жылы мектеп екі қабатты жаңа ғимаратқа көшіріліп, жанынан 120 орындық интернат пайдалануға берілді. Сол жылдары интернат меңгерушілері болды:

    • Абдрахов Ниязбек

    • Назарбеков Кенжебек

    • Саттаров Нұрмұханбет

    • Малгаждаров Капай

    • Алдажаров Серікқазы

    • Қылышбаев Төлеубай

    • Көнекбаев Сәкен

    • Жақупов Асқарбек

    • Баяхметов Солтан

    • Тәжиев Тоқтамыс

    • Қалиев Ақылберді

    • Мұхатов Сергей

    • Баянбаев Жанарбек

    • Шдерина Дәмен

    • Тусупбеков Мархат

    • Елемесов Ильяс

    • Дүйсенов М

    2010 жылғы су тасқыны салдарынан интернат ғимараты зақымданып, жаңа мектеп ғимаратына жабдықталып көшірілді.

    1990 жылы мектеп үш қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді. 1996 жылдан бастап мектеп республикалық «Ауыл мектептерінде саралап оқытуды дамытудың жолдары» атты эксперименттік бағдарламаларға қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізудің бастамашы алаңы болды. Сол кезеңде мектепті басқарғандар: директор — Есенғазы Сағымбаев, оқу ісі жөніндегі орынбасары — Кәдірбек Омаров.

    Жаңа технологияларды сынауға қатысқан ұстаздар:
    Демеубаев Ә., Омаров К., Әлімғазина Б., Семжанова А., Қайырбекова К., Хасенова Б., Дауменова Г., Ығиева Қ., Нұртазаханова Б., Кажиакбарова А., Шотабаева С., Ербосынова М., Әлжанов Қ., Садыкова Ж., Аңсабаева Б.

    2011 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшірілді.

    Бүгінге дейін мектептен мыңдаған шәкірттер шықты, еліміздің дамуына үлес қосуда. Ғалымдар мен профессорлар:

    • Әбішов Кәдірбек – Филология ғылымдарының кандидаты

    • Әділжанов Нұрлыхан – Тарих ғылымдарының докторы

    • Әлжанов Айтбек – Доцент, саясаттану ғылымдарының кандидаты

    • Едігенова Алма – Педагогика және психология ғылымдарының кандидаты

    • Елікбаев Серік – Филология ғылымдарының кандидаты

    • Исламова Анаргүл – Филология ғылымдарының кандидаты

    • Көкебаева Гүлжауһар – Тарих ғылымдарының докторы

    • Қасымханов Жеңіс – Медицина ғылымдарының докторы

    • Құнафина Салтанат – Педагогика ғылымдарының кандидаты

    • Мұхамадиева Құралай – Филология ғылымдарының кандидаты

    • Мылтықбаева Жаннұр – Химия ғылымдарының кандидаты

    • Нұғманова Жанар – Математика ғылымдарының кандидаты

    • Сабуров Дәлелхан – Заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі

    • Сабурова Гүлшарбан – Педагогика ғылымдарының кандидаты

    • Сағымбаева Айжан – Химия ғылымдарының кандидаты, доцент

    • Төлеубаев Әбдеш – Профессор, тарих ғылымдарының докторы

    Мәліметтер мектеп жанынан құрылған «Көкжыра ауылдық тарихи өлкетану мұражайы» деректер қорынан алынған.

    Мектеп педагогтары мен оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектептің тарихи ғұмыры уақыт ағымына сәйкес жалғасуда.