«Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көксу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Көксу ауданы Әкімінің аудандық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі — мәдениет саласында қызмет атқаратын коммуналдық мемлекеттік мекеме. Мекеме аудан тұрғындарының ақпараттық, білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс істейді.
Кітапхана қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мәдениет туралы» және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Құрылтайшысы және меншік иесі – «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ал уәкілетті органы – «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мекеме кітап қорын сақтау мен толықтыруды, ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруды және жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
Қаржыландыру көзі – жергілікті бюджет, мекеме Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, №4 үйде орналасқан.