Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Ақсуат ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Архив қызметінің мәні: жинақтау, иелену, толықтыру, ретке келтіру, тұрақты және ұзақ мерзімді сақтау, мемлекеттік есепке алу, заңды және жеке тұлғаларға архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету, Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану.

    Архив қызметінің мақсаты: Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ архивке жеткізгіштердің кез келген түрінде келіп түскен ұзақ мерзімді сақтау құжаттарын азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделері үшін сақтау және тиімді пайдалану болып табылады.

    Сақтауда бар:

    321 архив қоры 1934-2021 жыл;

    -22050 сақтау бірліктері, оның ішінде қағаз негізіндегі 22050 сақтау бірлігі,

    -12388 сақтау бірлігі – басқарушылық құжаттама,

    -123 сақтау бірлігі – жеке тектік құжаттар,

    -9539 сақтау бірлігі – жеке құрам бойынша құжаттар

    01.01.2026 ж. 510 сақтау бірлігі, 26006 бет цифрландырылды