Шығыс-Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекеме қызметінің негізгі мақсаты Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады
Мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай функциялар жүзеге асырылады:
1) ШҚО этномәдени бірлестіктерінің қызметі үшін жағдай жасау;
2) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге этномәдени бірлестіктерді және азаматтық қоғамның басқа да институттарын тарту;
3) мемлекеттік органдармен, бюджеттік ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, бизнес-құрылымдармен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
4) ұлттық-мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру бойынша жасөспірімдер мен жастармен жұмыс жасауда білім беру мекемелеріне ықпал ету;
5) этносаралық қатынастарда жанжалдарды болдырмау және алдын алу тетіктерін әзірлеуге және іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады;
6) экономиканың, мәдениет пен әлеуметтік ортаның өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, этносаралық, конфессияаралық келісім мен ынтымақтастық, рухани бірлік, патриотизм, этникалық толеранттылық, бейбітшілік мәдениеті, сенім мен жауапкершілік идеяларын қалыптастыру және тарату;
7) мемлекеттік этносаясат, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;
8) облыстың этностық топтарының дәстүрлерін, мәдениетін, тілдерін сақтау саласында мәдени, ғылыми, ақпараттық алмасуларды, өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету.