«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлкекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналық мемлекеттік мекемесі азаматтардың барлық санаттарының кітап қорларына, мерзімді басылымдарға және заманауи цифрлық ресурстарға еркін, жедел әрі тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған кітапханалық-ақпараттық, мәдени-ағартушылық, білім беру және өлкетану қызметін жүзеге асырады. Мекеме әдеби кештер, тақырыптық шолулар, кітап көрмелері, авторлармен кездесулер мен шығармашылық конкурстар ұйымдастыра отырып, халық арасында кітапты насихаттау және оқу мәдениетін илгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Негізгі әлеуметтік-мәдени орталық ретінде кітапхана жүйесі балалардың, жастардың, ересектердің, сондай-ақ қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың зияткерлік дамуы, өздігінен білім алуы және уақытты тиімді өткізуі үшін жайлы әрі инклюзивті орта құра отырып, қоғамдық маңызы бар, ағартушылық және демалыс шараларын ұйымдастырады. Мекеме жұмысында өлкетану қызметіне: туған өлкенің тарихы, дәстүрі, мәдениеті мен көрнекті тұлғалары туралы материалдарды жинауға, жүйелеуге, сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ электронды мәліметтер базасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұдан бөлек, «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ өзінің құрылымдық филиалдарының жұмысын әдістемелік сүйемелдеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді, инновациялық ақпараттық технологияларды енгізеді және ауданның білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық орнатады.