«Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жалпы ақпарат
«Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі – қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға арнап кешенді әлеуметтік қолдау көрсететін арнайы мекеме. Орталық негізгіқызметі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандарға, көпбалалы және жалғызбасты аналарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, құжатсыз жүрген азаматтарға және басқа да осал санаттағы адамдарға бағытталған.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының негізгі қызметі – қарт адамдардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділігін арттыру және қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасау.