«Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Цифрлық коммуникациялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Цифрлық коммуникациялар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме) байланыс, ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды автоматтандырудың сапасы мен тиімділігін арттыру, автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер көрсету процестері, азаматтарды қабылдау орталығының өтініштері мен сүйемелдеуінің мониторингі, іске асыру функцияларын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні:
- Жетісу облысы әкімдігінің ақпараттық инфрақұрылымын дамыту;
- Жетісу облысының аумағында мемлекеттік басқаруды автоматтандырудың және автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің сапасы мен тиімділігін арттыру;
- «109» қызметінің мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтермен өзара әрекеттесу мерзімдері мен әдістерін халыққа қызмет көрсету және ақпарат беру сапасын арттыруды, азаматтардың тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету және облыс инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша проблемалық өтініштеріне ден қоюды қамтамасыз ету үшін айқындау;
- Жетісу облысының азаматтарды қабылдау орталығы мен «109» қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мониторингі;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету үдерістері бойынша консультациялық көмек көрсету.
Тапсырмалар:
1) жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде Жетісу облысының азаматтарды қабылдау орталығында келіп түскен өтініштерді алдын ала қарау, қабылдау, тіркеу және талдау:
- қағаз жеткізгіштегі, оның ішінде почта байланысы арқылы, сондай-ақ қолма-қол коммуналдық мемлекеттік мекемеге;
- Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық-цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін электрондық форматтағы іс-әрекет;
109 қызметі бойынша өтініштерді мемлекеттік және ресми тілдерде ақпараттық жүйеде бірыңғай нөмір бойынша қабылдау
Instagram аккаунты: @109_zhetysu_oblysy, Telegram-бот: @zhetysu109_bot, «Zhetysu109» мобильді қосымшасы;
2) мәселелердің сипатын айқындау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қарау және жауап беру үшін жіберу, немесе қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қылмыстық-процестік, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілетін проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру;
3) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мониторингті жүзеге асыру;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және өтініш берушілерге жауаптар жіберу;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыреті шеңберінде есепке алуды және іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру;
6) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету;
7) «109» қызметінде коммуналдық-тұрмыстық сипаттағы мәселелер, мемлекеттік қызметтер көрсету және әртүрлі коммуникация құралдары арқылы түсетін басқа да мәселелер бойынша облыс тұрғындарының өтініштерін қабылдау тәртібін айқындау;
8) «109» қызметінің және Жетісу облысының азаматтарды қабылдау орталығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстың сапасы мен сенімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
9) құқық қорғау блогының өңірлік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
10) "Е-өтініш" жобасы шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
11) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жедел ден қою үшін «109» қызметі мен Жетісу облысының азаматтарды қабылдау орталығының мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылы;
12) халыққа коммуналдық және мемлекеттік ұйымдар жүргізетін іс-шаралар туралы анықтамалық ақпарат беру, әлеуметтік желілер арқылы барлық жоспарлы және авариялық жұмыстар туралы хабардар ету;
13) тіршілікті қамтамасыз ету объектілері бойынша байланыс деректерінің базасын қалыптастыру.
Электрондық пошта: [email protected]