Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Ақсуат балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Байланыс ақпараты
Қабылдау бөлімі: 8 (72346) 21-550
Бухгалтерия: 8 775 860 3132
Электрондық пошта: [email protected]
Әлеуметтік желілер:
Мектептің сайты: https://oner-aqsuat.edu.kz/
Мекен-жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі 24
2GIS картасындағы мекен-жай:https://go.2gis.com/vfFgv
Жалпы мәліметтер
Салынған жылы: 1972
Жобалық қуаттылығы: 150 оқушы
Қызметкерлер саны / оның ішінде педагогтер: 24 / 10
Ғимараттың жалпы ауданы, қабат саны, сипаты: 176,6 кв.м, 1 қабат
Оқу кабинеттерінің саны: 4
Жылу жүйесі: электрлік

Мектептің тарихы
2016 жылы Ақсуат ауданы әкімдігінің қолдауымен Ақсуат ауылында «Ақсуат балалар өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде өнер ордасы ашылды. 2016 жылдың наурыз айында мектепті уақытша басқарушы Е. Жарылгасинов мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мамыр айында сол жылдары аудандық білім бөлімінің методисті болған Қ. Дәуенов мектептің құжаттарын дайындап, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Осы адамдар мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Мектеп басшылары
2016–2023 жылдар: Абугазин Марат
2023 жылдан бастап: міндетін атқарушы Арапбаева Шарбат
Мектептің қазіргі жағдайы
2016 жылы мектеп ашылғанда тек көркемөнер бағыты болса, қазіргі таңда оның ауқымы кеңейіп, үш бағыт бойынша білім беруде:
Көркемөнер
Хореография
Киімді көркемдеп үлгілеу
Қазіргі таңда мектепте 289 бала білім алуда. Құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде көркемөнер және хореография бағыттары бойынша көптеген шәкірттер білім алып, өз салаларында маман болып қызмет атқарып жүр :
Уалиев Ерасыл Қуанышбекұлы – музыка аспаптарын жасаушы, жеке кәсіпкер, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері
Оралхан Данабек – Семей қаласы №3 мектепте сурет пәнінің мұғалімі
Жомартова Мейрамгүл – Алматы қаласында жеке хореография мектебін басқарады
Айқынқызы Гаухар – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 2 курс студенті
Дәуенов Дарын – Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сәулет мамандығы бойынша 2 курс студенті