Ақмола облысы ветеринария басқармасының жанындағы «Целиноград ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

    1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

    2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

    3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

    4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

    5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;

    6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;

    7) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну;

    8) ветеринариялық анықтама беру;

    9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;

    10) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

    11) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызметті көрсету.

    Кәсіпорын директоры: Омирбек Дуйсенгалиевич Токенов.

    Мекенжайы: 021800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Черемушки көшесі, 6/2.

    Байланыс телефоны: +7 (71651) 30-0-56.