Абай облысы ветеринария басқармасының "Үржар-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Мемлекеттік қызмет көрсету
    "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/ҰК бұйрығына сәйкес кәсіпорын ветеринария саласында екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:
    Ветеринариялық анықтама беру;
    Ветеринариялық паспорт беру.
    Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары
    Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын
    келесі қызмет түрлері:
    1) Жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
    2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
    3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

    4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
    5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауға;
    6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
    7) ветеринариялық анықтама беру;
    8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
    9) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
    10) Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.