Абай облысы ветеринария басқармасының "Мақаншы-Вет" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын
    келесі қызмет түрлері:

    1) Жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

    2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;

    3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;

    4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;

    5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауға;

    6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;

    7) ветеринариялық анықтама беру;

    8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;

    9) биологиялық материалдың сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;

    10) Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.