«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Кәсіпорын қызметінің мәні музыка және театр саласында репертуарлық саясатты үйлестіру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық әрекеттерді жүзеге асыру және қызмет көрсету болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады.
- көркемдік шығармалардың авторларымен белгіленген тәртіпте келісім шарттар жасасу;
- театрда және өзге де келісім бойынша көрсетілген орындарда спектакльдер, музыкалық ойын-сауық бағдарламаларды көрсетуді және облыс аудандарында және облыстан тыс жерлерде гастрольдер өткізуді ұйымдастыру;
- республикалық, халықаралық гастрольдерге, фестивальдерге, конкурстарға қатысу;
- композиторлардың, драматургтердің және басқа да өнер мен әдебиет өкілдерінің шығармаларын репертуарға енгізу;
- дарынды орындаушыларды, сонымен қатар таңдау бойынша көркемөнерпаздар мүшелерін театрдың шығармашылық жұмысына тарту;
- көрермендердің талап-тілектерін қанағаттандыру мақсатында алуан репертуарды драмалық, музыкалық шығармалар ретінде сахнаға шығару;
- көркемөнерпаздар ұжымдарына, халық театрларына, жеке орындаушыларға олардың шеберліктерін арттыру мақсатында көмек көрсету, курстар, іс-тәжірибелер, семинарлар ұйымдастыру;
- әлеуметтік-шығармашылық тапсырыс негізінде қазіргі заманғы, дәстүрлік және фольклорлы-этнографиялық жанрлардың және жаңа нысандардың дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру;
- редакциялық баспа жұмыстарды, музыкалық спектакль, ойын-сауық іс-шараларының бағдарламаларын, афишаларды, спектакль бағдарламаларын, өнер адамдары туралы буклеттер, жинақтар шығару;
- меншік нысанына қарамастан мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен келісім шарттарға сәйкес мәдени-көпшілік, театрлық-көріністік шараларды ұйымдастыру.
Басшы: Ниязов Мұхтар Мәуленұлы
Эл. почта:[email protected]
Телефон: 8(7242)27-88-69