«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

    Жалпы ақпарат

    Кәсіпорынның қызметінің мәні концерттік қызметті ұйымдастыру, тұрғындарға мәдени қызмет көрсету және мәдени-көпшілік шараларды облыс аумағы меноблыс аумағынан тыс жерлерде ұйымдастыру болып табылады.

    Кәсіпорын қызметінің мақсаты негізгі мәдени және рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау, халыққа әлеуметтік-мәдени, рухани игілікті ұсыну, жастарды рухани дамытуға арналған кешенді мәдени шараларды ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетінжақсарту бойынша жұмыстар жасау.

    Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады.

    - шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-эстетикалық тәрбие жөніндегі жұмыстар, халық арасында музыкалық-ағартушылық жұмыстар жүргізу;

    - классикалық музыка концерттерін, әртүрлі жанрдағы ойын - сауық бағдарламаларын жүргізу, жастардың рухани даму мақсатында шоу бағдарламалар ұйымдастыру;

    - дарынды орындаушыларға демеушілік көмек көрсету;

    - республиканың басқа аумағынан және шетелдерден әртістерді шақыру жөніндегі жұмыстарды іске асыру;

    - өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыру;

    - шығармашылық бағдарламалар жүргізу және репертуар таңдау;

    - филармония өз қызметінің аясында бекітілген прейскурантқа сәйкес,ақылы қызмет көрсетеді.

    Басшы: Мақаш Талғат Бақытбекұлы

    Эл.почта:[email protected]

    Телефон: 8(7242)27-76-33