Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің "Асыл бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Негізгі мәліметтер
Салынған жылы: 1970 жыл
Жобалық қуаттылығы: 90 орын
Қызметкерлер саны: 34 адам, оның ішінде 13 тәрбиеші
Ғимараттың жалпы ауданы: 869,5 ш.м.
Қабат саны: 2
Ғимарат сипаты: типтік
Оқу кабинеттерінің саны: 6
Жылу жүйесі: ТЭН
Байланыс:
Қабылдау бөлімі: 87751340781
Бухгалтерия: Абилгазина Тогжан, телефон 87750625733
Электрондық пошта: [email protected]
Instagram: https://www.instagram.com/asyl.bobekzhaiy_kokzhyra?igsh=MThjbHEyZGFnNTFjcQ%3D%3D&utm_source=qr
Facebook: https://www.facebook.com/share/1KDienUii9/?mibextid=wwXIfr
Сайтының адресі: http://asyl.balabaqshasy.kz/
Мекен жайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы, Квартал 2, № 2/1 үй
Балабақшаның тарихы
Балабақша 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында 75 орындық, 3 топпен өз жұмысын бастады.
2014 жылы балабақша ғимаратының жанындағы бос алаң есебінен қосымша бір топ ашылды.
2022 жылы балабақша ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда балабақшада 11 педагог-модератор, сондай-ақ психолог, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі қызмет атқарады.
2024 жылы балабақша базасында облыстық семинар өткізілді:
«Сапаны бағалау негізінде балалардың денсаулық, танымдық және коммуникативтік қатынасын дамытуға арналған заттық-кеңістік дамытушы ортаны жобалау».
Семинар аясында балабақша тәрбиешілері С. Әбілмәжина мен Б. Уалханованың авторлық бағдарламасы:
«Мал сүйектері мен асықтарды балабақшада балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда қолдану»
облыс балабақшаларына таратылды.
Балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілері республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі түрлі байқауларға тұрақты қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.