Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" КММ

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің мақсаттары:

    1. Спортшылар мен дене шынықтырумен айналысатын тұлғаларға медициналық бақылау жүргізу арқылы олардың денсаулығын сақтау және нығайту, жаттығу үдерісінің тиімділігін арттыру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу.

    2. Барлық деңгейдегі спортшыларға – бұқаралық спорттан бастап облыстық құрама командаларға дейін – кешенді медициналық тексеру, диспансерлік бақылау, функционалдық диагностика және физикалық дайындықты бақылау жұмыстарын жүргізу.

    3. Спорттық жарақаттардың алдын алу, жүктемеден кейінгі қалпына келтіру және оңалту, сондай-ақ Абай облысы халқы арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру.