"Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы" КММ

    Жалпы ақпарат
    1. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпарат орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әpi – Мекеме) Шығыс Казақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру мен тарату міндеттерін іске асыру үшін, туристік өнімнің халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде жылжуы, сонымен қатар кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін дамыту және Шығыс Қазақстан облысы аумағында туристік қызмет саласындағы ғылыми – әдіскерлік қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық түрінде құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
    2. Мемлекеттік мекеменің түpi: коммуналдық.
    3. Мекеменің құрылтайшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі - Жергілікті атқарушы орган) болып табылады.
    4. Мекемені жалпы басқаруды жүзеге асыратын орган «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
    5. Мекемеге қатысты мүлікке қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) болып табылады.
    6. Мекеменің атауы - Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    7. Мемлекеттік мекеменің тұрған жері индекс 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Казақстан облысы, Өскемен қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 35 үй.

    Мекеменің заңды мәртебесі

    1. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
    2. Мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда.
    3. Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
    4. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

    Мекеме қызметінің мәнi мен мақсаттары

    1. Мекеме қызметінің мәні туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
    2. Мекеме қызметінің мақсаты:

    1) Шығыс Қазақстан облысы және оның туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату;

    2) туристік өнімнің халықаралық туристік нарықта және мемлекет ішінде қозғалуы;

    3) Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы туристік қызмет саласында кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін дамыту және ғылыми-әдіскерлік қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

    4) аймақтың туристік қоғам ретінде тимді имиджін қалыптастыру болып табылады;

    1. Мақсатқа жету үшін Мекеме мына қызмет түрлерін іске асырады:

    1) уақытша тұрақтайтын елге (жерге) кіру, уақытша тұрақтайтын елден (жерден) шығу ережелері, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни салттар, қасиетті жерлер, табиғи ескерткіштер, тарих, мәдениет және ерекше қозғалатын басқа да туристік объектілер туралы кажетті және дәйекті ақпараттар ұсыну туристік қызметтін субъектілеріне туристік қызметтін мәселелері бойынша әдіскерлік және консультациялық көмек көрсету;

    2) шетелдік туристердің ақпарат және басқа да көмек түрлерін алуларына үлес қосу;

    3) туроператорлар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жарнамалық турлар ұйымдастыру және өткізу;

    4) әуежайда, темір жол және авто вокзалдарында, және басқа орындағы ақпарат пунктерінде (баған, стеллаждар) ұйымдастыру, және ақпаратты үнемі жаңартып отыру;

    5) веб-сайт ашып оны барлық қажетті ақпаратпен қамту, теледидарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, билбордтарда және т.б. жарнама шығару;

    6) халықаралық және өңірлік көрмелер, семинарлар, жәрмеңкелер, фестивальдер, форумдар және басқа да туристік ic-шараларды ұйымдастырып өткізу, сонымен қатар аталған ic-шараларға қатысу;

    7) әр түрлі қазақстандық және халықаралық туристік ұйымдармен қарым- қатынас құру;

    8) облыстың туристік әлеуеті және мүмкіндіктері туралы ақпаратты таратуға ceбeпшi болатын баспа қызметін ұйымдастыру және icкe асыру, оның ішінде баспа өнімдерін (кітапшалар, бүктемелер, карталар, жол көрсеткіш) дайындау;

    9) Шығыс Қазақстан облысының әлеуеті туралы видео, аудио және басқа да электронды өнімді дайындау;

    10) туристік кадрларының, экскурсия жетекшілерінің, гидтердің, туризм нұсқаушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

    11) ресми делегацияларға және ресми тұлғаларға қызмет көрсету бойынша қызметтерді ұйымдастыру мен ұсыну, сонын ішінде:

    - ресми түскі, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;

    - ресми тұлғалар үшін кәдесыйлар, ескерткіш сыйлықтар сатып алу;

    - автокөлік ұсыну;

    - тұру орындарына орналастыру;

    - аудармашылардың кызметтерін көрсетуді ұйымдастыру;

    12) Қазақстан Республикасы заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қызмет түрлерін.

    1. Мекеменің осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
    2. Мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзіретін бұза отырып жасалған мәміле: Уәкілеттік органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

    Мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

    Мекеменің бөлімшелері мен өкілдіктері жоқ.

    ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы –Татьяна Дугалиевна Исенева.