Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Надежда" Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Медициналық-әлеуметтік мекеменің негізгі міндеттері қызмет алушылар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.
Әлеуметтік-медициналық сипаттағы емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру үшін физиотерапиялық стоматологиялық, емшара, емдік дене шынықтыру кабинеттері, сенсорлық бөлме жабдықталған.
Қызмет алушыларды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-еңбек оңалтуға, тігін, етік кабинеттерінде және үй жанындағы учаскеде агротерапиямен айналысуға тартуға бағытталған іс-шаралар көзделген.
Қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қол шеберлігі және көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді, мерекелер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады, мекеме аумағында спорт алаңы мен демалыс аймағы жұмыс істейді.
Мекеменiң мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Шоқан Уәлиханов көшесі, 22П.
Мекеменiң құрылған күнi: 2006 жылдың қараша айында пайдалануға берiлдi.
Жоспарлы орындар саны: 100