Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының ұлттық спорт түрлері бойынша орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің мақсаттары:

    1. Абай облысы аумағында қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі болып табылатын ұлттық және ат спорты түрлерін (көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату және т.б.) сақтау, дамыту және насихаттау.

    2. Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылар мен командаларды дайындау, олардың шеберлігі мен спорттық жетістіктерін арттыру.

    3. Жастар арасында дәстүрлі спорт түрлеріне тұрақты қызығушылық қалыптастыру, спорттық инфрақұрылымды дамыту және өңірдегі ұлттық спорт дәстүрлерін қолдау.