Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы" КММ
Жалпы ақпарат
Мекеменің мақсаттары:
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спортпен айналысуына жағдай жасау, оларды қоғамға бейімдеу және спорттық белсенділік арқылы өмір сапасын арттыру.
Абай облысында паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және басқа да бейімделген спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі – облыстықтан халықаралыққа дейінгі жарыстарға қатысатын спортшыларды даярлау.
Инклюзивті спортқа деген оң көзқарас қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі дарынды спортшыларды қолдау және теңдік, рухани күш пен табандылық құндылықтарын насихаттау.