«Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

    «Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ

    Спорт мектебінің негізгі мақсаттары:

    - оқушылардың шахматтан және үстел ойындары спорт түріне қабілетін анықтау;

    - оқушыларды шахматтан және үстел ойындары спорт түріне және моральдық-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

    Спорт мектебінің негізгі міндеттері:

    - жалпы білім беру мектептерінде және басқа да білім беру мекемелеріне спорт мектебінде жүргізілетін спорт түрлері бойынша әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға жан-жақты көмек көрсету;

    - спорт резервін, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға үміткерлер даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.

    Алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін спорт мектебі:

    - жыл бойы тұрақты сабақтар өткізу үшін жағдайлар жасайды;

    - қабілетті оқушыларды болашақта спорт түрлері бойынша мамандыру үшін іріктеу жүйесін ұйымдастырады;

    - жүйелі тәрбиелік жұмыстарды, соның ішінде оқушылардың спорттық этиканы сақтау дағдыларын, ұйымшылдығын дамытуды ұйымдастырады;

    - алдыңғы қатарлы спортық технологияларды пайдаланып, соның ішінде оқу-жаттығу процесін ұйымдастырады;

    - оқушылардың қажетті теориялық білімді және тәжірибиелік дағдыларды игеруін қамтамасыз етеді.