Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ
Жалпы ақпарат
Мекеменің мақсаттары:
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары деңгейлі спортшыларды дайындау және Абай облысының атынан республикалық, халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында, әлем және Азия чемпионаттарында сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету.
Облыстық және Қазақстан Республикасының құрама командаларына кіретін спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін сапалы жаттығу үдерісін, ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Олимпиадалық спорт түрлерінде спорттық шеберлікті жетілдіруге, жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыруға және озық дайындық әдістемелерін енгізуге қажетті жағдайлар жасау.