"Орман Шаруашылығының Семиозерное Мекемесі" Кмм Қостанай Облысы Әкімдігінің Табиғи Ресурстар Және Табиғат Пайдалануды Реттеу Басқармасы

    Жалпы ақпарат

    «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі» КММ

    Орман қорының жалпы ауданы: 62 359 га.

    Әкімшілік-аумақтық орналасуы: орман қоры Арқалық қаласы мен Әулиекөл, Жангелдин, Аманкелді және Қарасу әкімшілік аудандарының аумағында орналасқан.

    Орманшылықтары: Аманкарагайское, Аркалыкское, Новонежинское, Калининское.

    Кеңсенің орналасқан жері: Лесное а. (облыс орталығынан 100 км).

    Қостанай қаласымен көлік қатынасы: республикалық маңызы бар Астана – Қостанай автожолы.

    Орман шаруашылығы мекемесінің ерекшеліктері

    Орман қорын аудандастыру: орман-өсімдік жамылғысының аудандастырылуына сәйкес орман қоры дала және жартылай шөл аймағына жатады, кіші аймағы құрғақ дала, солтүстік бөлігінің ормандары аллювиалды құмдардағы Абуго-Торғай ленталы қарағайлы провинциясына, ежелгі Абуго-Тобольское ағынды ойпатындағы далалы қарағайлы ормандары аймағына жатады.

    Су ресурстары:

    Мекеменің оңтүстік бөлігінің аумағы кішігірім және орташа өзендермен қаныққан, олардың ішінде ерекше көзге мыналар түседі: Торғай, Ұлы-Жыланшық, Үлкаяқ, Теке, Сарыөзен, Қабырға, Бала-Терісаққан, Қара-Торғай. Барлық өзендер ағынсыз. Аумағында тұщы және тұзды 5 мыңға жуық үлкенді-кішілі көлдер бар. Олардың ішінде: Сары-Қопа, Тақыр, Ақкөл, Аяққамыс ерекшеленеді.

    Мекеменің солтүстік бөлігінің аумағы су ағындары жоқ.

    Барлық өзендерде кеме жүрмейді. Олардың сулары негізінен суармалы егіншілікке қолданылады. Көктемгі су тасқыны кезінде олар 15-20 есеге артады.

    Тарихи анықтама:

    ХIX ғасырдың 90-жылдарында Семиозерное орман шаруашылығы мекемесінің ормандары қазыналық ормандардың құрамына кірді. 1936 жылдан бастап 1946 жылға дейінгі аралықта ормандар Қазақ ССР Министрлер кеңесі жанындағы жергілікті маңызы бар ормандар басқармасының (ЖМО) қарамағында болды. 1946 жылы Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігі құрылғаннан кейін мекемелердің ормандары мемлекеттік орман қорының құрамына кірді. 1947 жылы Семиозерный орман шаруашылығы екіге бөлінді: Аманқарағай орман саяжайы мен Басаман енгізілген Семиозерный және Басаман және Қазанбас орман саяжайларын қамтыған Басаман.

    Солтүстік-Батыс орман орналастыру кәсіпорнының кешенді экспедициясы «Қазақ ССР Қостанай облысының Семиозерный механикаландырылған орман шаруашылығының ормандарын өртке қарсы орналастырудың бас жоспарын» жасады (1971).

    Қазақ ССР Министрлік Кеңесінің өкіміне сәйкес, Арқалық ЖМО 1972 жылы құрылды. 1988 жылдың 1 маусымынан бастап Торғай облысының қайта құрылуына байланысты, Октябрь өндірістік учаскесі Арқалық ЖМО құрамына өтті.

    Торғай орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің Арқалық орман шаруашылығы 1990 жылы Арқалық ЖМО базасында ұйымдастырылды. Оның негізінде Семиозерное орман шаруашылығы мекемесінің Аркалыкское орманшылығы ұйымдастырылды.