Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекеменің негізгі міндеттері қызмет алушыларға қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес әлеуметтік қызметтер көрсету, оңалту іс-шараларын жүргізу болып табылады.
Әлеуметтік-медициналық сипаттағы емдеу-сауықтыру және оңалту іс-шараларын ұйымдастыру үшін стоматологиялық, физиотерапиялық, процедуралық кабинеттер , сенсорлық бөлме және спорт бөлмесі жабдықталған.
Қамқорлықтағы адамдарды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-еңбектік оңалтуға, қызмет алушыларды тігін және ағаш ұстасы кабинеттеріндегі сабақтарға, үй жанындағы учаскедегі агротерапияға тартуға бағытталған іс-шаралар көзделген.
Қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қол шеберлігі мен көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істейді, мерекелер мен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады, мекеме аумағында спорт алаңы, демалыс аймағы бар.
Мекеменiң мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ж. Қизатов көшесi, 1
Мекеменiң құрылған күнi — 1982 жыл
Жоспарлы орын саны: 250 стационарлық орын, күндiзгi болу бөлiмшесiнде 10 орын