Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша № 2 облыстық мамандандырылған балалар–жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" КММ

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің қызметінің мақсаттары:

    1. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша дарынды балалар мен жасөспірімдерді іріктеу және оларды тереңдетіп дайындау арқылы Абай облысының және Қазақстан Республикасының құрама командаларына спорттық резерв қалыптастыру.

    2. Тәрбиеленушілердің спорттық шеберлігін арттыру, ұлттық құрама командаларға үміткерлер дайындау, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу.

    3. Семей қаласында және жалпы Абай облысында олимпиадалық қозғалысты дамыту мақсатында заманауи әдістемелерді енгізу, оқу-жаттығу үдерісін сапалы ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау.