Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі" КММ

    Жалпы ақпарат

    Мекеменің қызметінің мақсаттары:

    1. Абай облысында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және кеңінен насихаттау, халықтың дене белсенділігін арттыру және жастарды жүйелі түрде спортпен айналысуға тарту.

    2. Бұқаралық спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін білікті спортшыларды даярлау, сондай-ақ спорттық резерв қалыптастыру.

    3. Спорттық даярлық жүйесін жетілдіру, спортшылар мен жаттықтырушылардың шеберлік деңгейін арттыру, заманауи әдістемелерді енгізу және тұрақты спорттық жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау.