«Облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ
ЖСШМ-ның негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.
ЖСШМ-ның негізгі міндеттері:
1) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының негізгі құрамына спортшыларды іріктеу және дайындау;
2) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, оның нәтижесін, физикалық сапасының жеке даму көрсеткішінің өсу динамикасын, спортшылардың техника-тактикалық дайындық деңгейін өсіруді талдауды жүзеге асыру;
3) спортшылардың жарыстарға қатысуын және сәтті өнер көрсетуін қамтамасыз ету;
4) ЖСШМ спортшыларының дайындық процесін материалдық-техникалық, әдістемелік, медико-биологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) ЖСШМ-ның жаттықтырушы-оқытушы құрамын және басқа қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
ЖСШМ-ның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін мына қызметтерді орындайды:
1) ЖСШМ-ның спортшылары үшін жеке немесе жалға алған спорттық ғимараттарында жыл бойы оқу-жаттығу процесін өткізу;
2) ЖСШМ спортшыларының кешенді нысаналы бағдарламасын және дайындық жоспарын іске асыру;
3) спортшылардың дайындық процесінің спорттық-әдістемелік (ғылыми) қамтамасыз етуді, медико-биологиялық, профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын жүзеге асыру;
4) спортшылардың, жаттықтырушылардың және ЖСШМ-ның басқа да қызметкерлерінің халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға спорттық-бұқаралық іс-шаралар бірыңғай күнтізбелікке сәйкес оқу-жаттығу процесіне қатысуын қамтамасыз етуді (спорттық жарыстарға орай, жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша оқу-жаттығу жиындар, спортшыларды тексеру үшін өткізілген іс-шаралар, қалпына келтіру жиындар жылына 250 күнге дейін пайдалануға мүмкіндігі бар);
5) қажетті жаттығу сабағы және спорттық жарыстар үшін спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар, спорттық формамен, оқу құралдармен қамтамасыз ету;