Көкпекті ауданының “Жастар ресурстық орталығы” КММ

    Жалпы ақпарат

    Ресурстық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыларды басшылыққа алады. Ресурстық орталық жастармен жұмысты жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, жастардың бастамаларын қолдау және консультациялық сүйемелдеу және жастардың өзін-өзі дамыту үшін ашық кеңістіктер құру арқылы жүзеге асырады. Ресурстық орталық өз қызметін мүдделі мемлекеттік органдармен және қызметі Ресурстық орталықтардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.