"Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ
"Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы "Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы" КММ заңды тұлғаның мәртебесіне ие, жастар ұйымдарымен жұмыс жасауды жеделдету және олардың қызметін үйлестіру, жастардың білімдік, кәсіби, рухани, мәдени қалыптасуына жағдай жасау үшін құрылған, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанды мекеме болатын коммерциялық емес ұйым болып табылады.Ресурстық орталық қызметінің негізгі мақсаты жастар мен жастар ұйымдарының қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету болып табылады.
Ресурстық орталықтың негізгі функциялары:
1) жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау;
2) жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру;
3) жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді;
4) жастарға және жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмектер көрсетеді;
5) жастарға және жастар арасында туындаған мәселелерді талқылау үшін жастар саясаты арасындағы бастамаларды іске асыруға арналған диалогтық алаңдар құрады және ұсынады;
6) жастар жобалары мен жастар бастамаларын сүйемелдеуді және қолдауды, жастардың рухани, мәдени және шығармашылық өзін-өзі іске асырушылық және өзін-өзі ұйымдастырушылық әлеуеттерін жандандыруды жүзеге асырады.