Ақтөбе облысы дін істері басқармасы ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    Мекеме аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    • діни экстремизмге және жалған діни қызметтерге іс-қимылға бағытталған әдістемелік және тәжірибиелік іс-шараларды (дәріс, семинар-тренинг және өзге де ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен профилактикалық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу.
    • радикалды, деструктивті және тоталитарлық діндердің ықпалынан зардап шеккен құрбандарға психологиялық, құқықтық және тәжірибиелік көмек көрсету;
    • қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге Ақтөбе облысында діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар өткізуге әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету;
    • деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпаратты оқушылар арасында тиімді насихаттау мақсатында оқу орындары мен мемлекеттік құрылымдармен бірге қызмет ету;
    • өңірдің конфессияаралық саласында Қазақстан Республикасында тұрақсыздық әкелуге қабілетті жағымсыз тенденцияларды анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
    • түрлі мәдени-бұқаралық, ағартушылық және танымдық іс-шаралар өткізу;
    • деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына насихаттау.